Жамбыл ауданы прокуратурасымен «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында облыс прокуратурасының үйлестіруімен қадағалау аумағындағы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлердің берілу тәртібіне талдау жүргізіліп, кезекте тұрған жетім балаларға үйлер берілді.
Талдау барысында анықталғандай, халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде жетім балалар санатындағы отбасыларға ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 74-бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөліну қажеттілігі көрсетілгеніне қарамастан, осы уақытқа дейін жалпы 51 алғандардың ішінен осы санаттағы тек 4 отбасыға берілгені, ал кезек бойынша 10 отбасы алуы керектігі анықталды.
Аудан прокуратурасымен еңгізілген қадағалау актісі негізінде жетім балалар санатындағы 3 отбасының конституциялық құқықтары қалпына келтіріліп, жалға берілетін тұрғын үйлермен қамтамасыз етілді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ҚауіпсізҚоғам
#Әділдік
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/994527?lang=kk
Жауап қалдыру