Бәйтерек ауданының Зеленов, Январцев, Чиров ауылдық округтері әкімінің сайлауы тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 14 мамыр күні Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Зеленов, Январцев, Чиров ауылдық округтері әкімдерінің өкілеттілік мерзімінің аяқталуына орай отырысын өткізді. Отырысқа аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығы мен аудандық қоғамдық- саяси «Ауыл тынысы» газетінің өкілдері қатысты.
Комиссия отырысында Зеленов, Январцев, Чиров сайлау округтерін құру туралы және аталған ауылдық округ әкімдерінің сайлауын 2025 жылғы 22 маусымға тағайындау туралы комиссия қаулылары қабылданды. Ауылдық округ әкімдері сайлауын тағайындау қаулыларына сәйкес сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары бекітілді.
2025 жылғы 15 мамыр мен 27 мамыр сағат 18.00-ге дейін аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкіміне кандидаттардың ұсыну құжаттарын қабылдайды, сонымен қатар кандидаттарды тіркеу ағымдағы жылғы 1 маусым сағат 18.00-де аяқталады.
2025 жылғы 1 маусым сағат 18.00-ден кейін кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталады және 2025 жылғы 21 маусым сағат 00.00-де аяқталады.
Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді Зеленов ауылдық округі бойынша №162, Январцев ауылдық округі бойынша №183, №184, №185, №186, Чиров ауылдық округі бойынша №190 учаскелік сайлау комиссиялары өткізетін болады.

Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/995221?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді