
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ағымдағы жылдың14 мамырында Өскемен қаласының алаңында «Шығыс маманы» облыстық бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге «Шығыс-Сүт» корпорациясы, «Алтай Май» ЖШС, «Өскемен ұн тарту комбинаты» ЖШС, «Эмиль» ЖШС, «Айтас МП» ЖШС және т. б. облыстың 16 ірі және орта кәсіпорындары қатысты.
Кездесуде кәсіпорын өкілдері өз кәсіпорындарының атқаратын қызметі туралы ақпаратпен таныстырып және қолда бар бос жұмыс орындарын ұсынды.
Бұл бос орындар жәрмеңкесі үміткерлерді әртүрлі салалардағы жұмыс туралы білуге мүмкіндік береді. Жәрмеңке аясында ЖОО студенттері, колледждер және басқа да жеке тұлғалар тарапынан қызығушылық болды.
«Шығыс маманы» облыстық жәрмеңкесі жұмысының басты қағидасы жастарды қолдау және жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру болып табылады.
Қатысқан кәсіпорындардың тізімі қоса беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-agro/press/news/details/995526?lang=kk
Жауап қалдыру