
2025 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев экономикалық-экологиялық қызмет жөніндегі үйлестіруші Б. Жүсіпов бастаған ЕҚЫҰ өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Тараптар климат мәселелерін және қоршаған орта саласындағы одан әрі ынытмақтастық перспективаларын талқылады.
Кездесу барысында Қазақстанның климаттық өзгерістерге бейімделу саласындағы басым бағыттары, оның ішінде жаңа Су кодексін іске асыру, жаңартылған ұлттық салымды әзірлеу (ОНУВ 3.0) және өнеркәсіпте ең үздік қолжетімді технологияларды енгізу тақырыптары қозғалды.
Сондай-ақ, Қазақстанда 2026 жылы өтетін өңірлік Климаттық саммит шеңберінде бірлескен сайд-ивент өткізуді қоса алғанда, Саммитке дайындыққа ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты даму саласындағы әріптестікті нығайтуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайындығын растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/995533?lang=kk
Жауап қалдыру