
6 мамыр күні Қарабалық аудандық мәдениет үйінде Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Қарабалық ауданының әкімі Р. Б. Халықов жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, грамоталар табыс етті. Мерекелік концерттік бағдарламаға агротехникалық колледждің, ОАА, аудандық әкімдіктің, А.Құнанбаев және М. Горький атындағы жалпы білім беретін мектептердің, «Улыбка» балабақшасының және аудандық мәдениет үйінің әйелдері қатысты. Сондай-ақ, бағдарламада С. Қожамқұлов атындағы балалар өнер мектебінің «Ручеек» және аудандық мәдениет үйінің «Смешарики», «Созвездие» би ұжымдары өнер көрсетті.
Іс-шара бағдарламасы аудан ұйымдарының нәзік жандар ұжымдары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен тақырыптық концертпен жалғасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/994752?lang=kk
Жауап қалдыру