
ГҮЛДАЛА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
2025 жылдың 6 мамырынан бастап Гүлдала ауылдық округінің әкімі болып ұзақ жылдар бойы осы округте қызмет еткен тәжірибелі маман тағайындалды.
Жаңа әкім еңбек жолын осы округте 2000 жылы маман қызметінен бастаған. Кейін бас маман, әкім орынбасары лауазымдарын атқарып, бүгінде ауыл әкімінің жауапты қызметіне кірісті.
Еңбек жолы:
— 2000–2005 жж. – Гүлдала ауылдық округі әкімі аппаратының маманы
— 2005–2014 жж. – Бас маман
— 2014–2025 жж. – Әкімнің орынбасары
— 2025 ж. бастап – Гүлдала ауылдық округінің әкімі
Ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілігін жақсы білетін әкімнің жаңа қызметі құтты болсын! Жемісті еңбек пен табысты жұмыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-talgar/press/news/details/994177?lang=kk
Жауап қалдыру