Жазда балалар көше мен аулаларда көбірек жүреді, ойнайды. Олар жол ережелерін қаншалықты жақсы білсе де, ересектердің назарынан тыс қалмауы тиіс.
Әрбір ата-ана, жүргізуші және жаяу жүргінші — баланың амандығы үшін жауапты.

Жылдамдықты шектеңіз — әсіресе мектеп, балабақша, аула маңында.

Балалар жолға кенеттен жүгіріп шығуы мүмкін — әрдайым мұқият болыңыз.

Жаяу жүргінші өткеліне жақындағанда тоқтауға дайын болыңыз.

Автокөлікте бала қауіпсіздігі үшін арнайы орындық пен белдік қолданыңыз.

Балаға жолда қалай жүру керегін үнемі түсіндіріп, қайталап жүргеніңіз абзал.

Қауіпсіз ойын алаңдарын таңдаңыз.

Жолдан өткенде балаңызды міндетті түрде қолынан ұстаңыз.

Жол — ойын алаңы емес!

Жолдан тек ересектермен бірге және арнайы жерден ғана өтіңіз.

Көлік тоқтағанына көз жеткізбей жолға шықпаңыз.

Көшеде әрдайым сақ болыңыз.

Қауіпсіздік — бәрімізге ортақ міндет. Бір сәттік бейқамдық орны толмас қайғыға себеп болуы мүмкін.

Балалардың өмірі — басты назарда!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/994414?lang=kk
Жауап қалдыру