Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру аясында Ақмола облысында 100 млрд теңгеден астам сомаға 664 шаруа несие алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биыл Ақмола облысында ауыл шаруашылық дақылдарының егістік көлемі 5,5 млн гектарды құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Марат Ахметжанов мәлімдеді.

Аймақ басшысы бұл өткен жылмен салыстырғанда 52 мың гектарға артық екенін атап өтті. Мұндай өсім – диқандардың жоспарлы жұмысының нәтижесі және ауыл шаруашылығы саласындағы тұрақты қарқынның дәлелі.

Әртараптандыру аясында майлы дақылдар 430 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Бүгінде, егіс жұмыстары 433 мың гектардан астам алқапта жүргізілді.
«Егін егу науқанын жүргізу үшін, дайындық іс-шараларының барлық жұмыстары орындалды. Қысқы кезеңде, ылғал жинау мақсатында, 1,1 млн гектар алқапта қар тоқтату жүргізілді. 3 млн гектардан аса ылғал жабу жүргізілді. Егін егу алдында 2 млн гектардан аса топырақ өңделді, бұл өткен жылғыдан 3 есе көп»,
— деп атап өтті Марат Ахметжанов.

 Әкім сондай-ақ тұқымның қажетті көлемі дайындалғанын хабарлады. Биыл ауамен жылытуға екі есе көп тұқым шығарылды. 2023 жылмен салыстырғанда минералды қоспаларды енгізу 3 есеге артатын болады.
Мұның бәрі Үкіметтің уақытында қолдауының арқасында мүмкін болды. Облыста ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту белсенді жүргізілуде. Жыл басынан бері 10 млрд теңгеден астам сомаға 364 техника сатып алынды. Жалпы, егіс жұмыстарына 37 мың ауыл шаруашылық техникасы тартылатын болады.

Көктемгі дала жұмыстарына жеңілдікті дизель отынының жеткілікті көлемі бөлінді, жөнелту белгіленген кесте бойынша жүргізілуде.

Үкіметтің қолдауының арқасында көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру жүргізілді. Жеңілдетілген кредиттерге өтінімдер пулы 108 млрд теңгеден астам соманы құрады.100 млрд теңгеден астам сомаға 664 диқан несие алды. Несие қаражатын беру жалғасуда.

 @KZgovernment

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/994241?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді