Маңғыстаулық жас химиктер халықаралық Менделеев олимпиадасында топ жарды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстаулық жас химиктер халықаралық Менделеев олимпиадасында топ жарды

📚2025 жылғы 5–13 мамыр аралығында Бразилияның Белу-Оризонти қаласында өткен 59-Халықаралық Менделеев олимпиадасында Маңғыстау облысының оқушылары жоғары нәтижеге қол жеткізді.

🥈🥉Байрақты білім додасына қатысқан үш оқушының екеуі күміс, біреуі қола медаль иеленді.

✨Күміс жүлдені “Білім-инновация” лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Қалдыбай Меңдіғали мен 11-сынып оқушысы Габдолла Райымбек еншілесе, қола медаль осы білім ордасының тағы бір 11-сынып оқушысы Умарбаев Нұрқожаға бұйырды.

🏆Сонымен қатар, Ақтау қаламындағы “Білім-инновация” лицейінің 10 сынып оқушысы Мендіғали Қалдыбай практикалық кезеңде ең жоғары ұпай жинап, «Award for the Best Score in the Practical Exam» арнайы сыйлығына ие болды.

🎉Биылғы олимпиадаға әлемнің 40 елінен іріктелген үздік оқушылар қатысып, білім мен біліктілігін үш кезеңде сынады: екі теориялық және бір практикалық тур. Бұл байқауға әр елден ұлттық олимпиадаларда үздік нәтиже көрсеткен дарынды оқушылар ғана жолдама алды.

🏷️Менделеев олимпиадасына қатысу – 2025 жылдың 5–14 шілдесінде Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін Халықаралық химия олимпиадасына (IChO) ұлттық құраманы іріктеу мен дайындаудағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылады.

🎊Жүлдегер оқушыларды және оларды жарысқа дайындаған жетекшілерді шын жүректен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/995080?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді