
Бүгін студенттермен салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған тренинг өткізілді. 💪
Сабақта дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділік туралы әңгімелесуден бөлек – біз әрекет еттік! Интерактивті жаттығулар мен топтық тапсырмалар арқылы студенттердің өздері маңызды қорытындыға келді:
✔ денсаулық – бұл аурудың болмауы ғана емес;
✔ СӨС қарапайым әдеттерден басталады;
✔ өмір салты – күн сайын біздің саналы таңдауымыз.
🔥 Балалардың энергиясы, қызығушылығы мен белсенділігі осындай практикалық тренингтердің қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Біз бірге білімді ғана емес, өзімізге қамқорлық жасауға деген ынтаны да арттырдық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/994156?lang=kk

Жауап қалдыру