ӨНДІРІС ТЫНЫСЫ: Фабрикада құрылыс қарқынды жүруде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Азық-түлік шығару және өңдеу өндірісі мәселелерінде құс шаруашылығы ерекше рөлге ие, себебі құс еті қолжетімді ақуыз көзі ретінде әлеуметтік тұрғыдан маңызды тауарлардың қатарына кіреді. Бүгін аудан басшысы жұмыс барысында «Алель АГРО» АҚ-ы Жамбыл филиалы құс етін өндіретін фабрикасына барды. Көктал ауылында орналасқан ет бағытындағы асыл тұқымды құстар мен балапандарды өсіретін фабрикада құс өсіретін орынның құрылыс жұмыстарын көрді. Мұнда құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде екен. Құрылысқа қажетті барлық материалдар жеткізілген. Жоба толық іске асырылған жағдайда жылына 70 800 тонна құс еті өндіріліп, Қазақстан және ТМД мемлекеттеріне нарыққа шығару жоспарланып отыр. Құс фабрикасында өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін цифрлық шешімдер қолданылады. Құс бағу процесіне адам мейлінше аз араласса, тұрақты нәтиже соғұрлым жоғары болмақ. Ақпаратты жинауға арналған жүйелердің автоматтандырылуы, өндірістік бақылау бағдарламалары, жұмыстың автономды жүруін қамтамасыз ету – осының бәрі құс шаруашылығындағы заманауи үдеріс болып тұрғанын айта кетейік. Ақпараттық медиа орталығы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/994245?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді