
2025 жылдың қаңтар-наурыз айында Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 289,1 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 124,3% құрады.
Өнеркәсіп өнімінің 24,3%-ға өсуі тау-кен өндіру саласында 46,5%-ға, өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемінің 20,9 %-ға өсуімен түсіндіріледі.
Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында өндірілген өнім көлемі
37,0 млрд. теңгені құрады, НКИ өткен жылмен салыстырғанда 146,5%.
Өңдеу өнеркәсібі саласында өнім көлемі 186,3 млрд. теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 120,9% құрады.
Өңдеу өнеркәсібі құрылымында мына салалар ең көп үлеске ие: химия өнеркәсібі (47,4%), тамақ өнімдері өндірісі (19,6%), металлургия өнеркәсібі (12,9 %), мұнай өнімдерін өндіру (5,8%).
Химия өнеркәсібі
2025 жылдың қаңтар-наурызында сала өндірісінің көлемі – 88,3 млрд. теңгені (2024 ж. – 59,3 млрд. теңге), НКИ – 133,2% құрады. Өңдеуші өнеркәсіп құрылымындағы саланың үлесі – 47,4%. Бұл салада «Қазфосфат» ЖШС (ЖЖФЗ және минералды тыңайтқыштар), «Talas Investment Company» ЖШС филиалдары, шағын кәсіпорындар бар. «Қазфосфат» ЖШС компаниясының филиалдары сары фосфор және оның қосындыларын, фосфорлы және азотты минералды тыңайтқыштар өндіруге мамандандырылған.
Металлургия өнеркәсібі
2025 жылғы қаңтар-наурызында салада 24,1 млрд. теңгеге өнім өндірілді. (2024 ж. – 16,7 млрд. теңге) Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 12,9%. Саланың негізгі кәсіпорындары – ферроқорытпалар өндірісі бойынша «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, бағалы металдар (алтын және күміс) өндіретін «АК Алтыналмас» АҚ, алтын және күміс өндіретін «Golden Compass Capital» АҚ, болат құю бұйымдарын өндіретін «Запчасть» АҚ.
Азық-түлік өнімдерін өндіру
Салада 2025 жылдың қаңтар-наурызда 36,5 млрд. теңгеге өнім өндіріліп (2024 ж. – 17,2 млрд. теңге), НКИ – 169,9% құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі -19,6%. Саладағы негізгі кәсіпорындар – «Тараз қант зауыты» ЖШС, «Меркі қант зауыты» ЖШС, «Бурненская молочная компания» ЖШС, «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС сүт, макарон және кондитерлік өнімдер өндіретін шағын кәсіпорындар.
Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (Құрылыс индустриясы)
Салада 2025 жылдың қаңтар-наурызында 12,3 млрд. теңгеге өнім өндіріліп (2024 ж. – 9,1 млрд. теңге), НКИ – 126% құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 6,6%. Саланың негізгі кәсіпорындары – портландцемент өндіру бойынша «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС, құрылыс гипсін және оның құрылғыларын өндіретін «Жамбылгипс» АҚ, темірбетон бұйымдарын, бетоннан жасалған құрылыс құрастырмалы құрылымдарын өндіретін «Гимарат Темірбетон» ЖШС, «Жамбылхимстрой» ЖШС, т.б.
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру
Салада 2025 жылдың қаңтар-наурызында 10,9 млрд. теңгеге өнім өндіріліп (2024 ж. – 4,4 млрд. теңге), НКИ – 2,4 есе құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 5,8%. Сала мұнай отынын, авиациялық бензин, мазут шығаратын «Амангелдинский ГПЗ» ЖШС-нің Жамбыл және Талас филиалдарымен ұсынылған.
Машина жасау
Салада 2025 жылдың қаңтар-наурызында 4,8 млрд. теңгеге өнім өндіріліп (2024 ж. – 5,1 млрд. теңге), НКИ – 203,5% құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 2,6%. Саладағы өнім көлемі «ЖамбылРемСервис» ЖШС, «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалдарында (Шу локомотив жөндеу зауыты және Тараз локомотив жөндеу депосы) жөндеу жұмыстарына көрсетілетін қызметтер есебінен қамтамасыз етілді.
Жеңіл өнеркәсіп
Салада 2025 жылдың қаңтар-наурызында 1,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 1%. Өңірде былғары-аяқ киім өндірісі, тоқыма бұйымдары, киім өндірісі дамыған. Саланың негізгі кәсіпорны – «ТаразКожОбувь» ЖШС, оның қызметі тері бұйымдарын өндіруге және былғары аяқ киімнің кең ассортиментін тігуге негізделген. Салада өнім көлемінің ұлғаюы немесе азаюы тапсырыстарға, сұранысқа байланысты.
Дайын металл бұйымдарын өндіру
Салада 2025 жылдың қаңтар-наурызында 1,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 0,9%. Салада екі кәсіпорын жұмыс істейді: «ЖЗМК Имсталькон» ЖШС және «Металлоконструкция және резервуарлар зауыты» ЖШС.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-kasipkerlik/press/news/details/994684?lang=kk
Жауап қалдыру