Өңірлік кадр резервінің мүшесі облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірлік кадр резервінің мүшесі Өтегенов Ілияс Тоқсанбайұлы Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ілияс Өтегенов 1991 жылғы 22 қарашада Көкшетау қаласында дүниеге келген.

2014 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін, 2016 жылы осы университетте «Қаржы» мамандығы бойынша магистратура дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2013 жылы «Бостан» ЖШС жүк тиеуші позициясынан бастады.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін 2016 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешен, табиғи ресурстары, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бюджеті департаментінде сарапшы лауазымынан бастап, 2018-2019 жж. аралығында осы мемлекеттік органда бас сарапшы болып қызмет еткен.

2019-2025 жылдары Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (ескі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті) жүйесінде орындаушылық және басқарушы құрамның әртүрлі лауазымдарында қызмет еткен.

Осыған дейін Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Жоспарлау және сертификаттау департаменті жоспарлау және даму секторының меңгерушісі лауазымында қызмет атқарып келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/995514?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді