Өзара іс-қимыл туралы маңызды меморандумдарға қол қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті мен өрт қауіпсіздігі саласындағы қауымдастықтар арасында өзара іс-қимыл туралы меморандумдарға қол қойылды.

Құжаттар ТЖМ мен өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік емес сектор арасындағы сындарлы өзара іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы құралымдардың іс-қимылдарын үйлестіру мақсатында жасалды.

Өзара іс-қимыл шеңберінде өрт қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған тетіктер құру жоспарлануда.

Тараптар бірлескен іс-шараларды өткізуге, ақпарат, тәжірибе және әдістемелер алмасуға дайын екендіктерін білдірді.

 

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kps/press/news/details/995570?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді