
Талғат Әнуарбекұлы – өңірлік кадр резервінің мүшесі. Ол 1989 жылы дүниеге келген, «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Құқықтану» және «Менеджмент» мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 2011 жылы Ақсу қаласы әкімі аппаратының инспекторы болып бастаған.
2014-2019 жылдары Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жұмыс істеді, Ақсу қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімін, Железин ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімін басқарды, Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары болды.
2019 жылдан 2023 жылға дейін Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бөлімінің басшысы және басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Ертіс ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/994524?lang=kk
Жауап қалдыру