Павлодарлық оқушылар жарысты Жеңістің 80 жылдығына арнады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны»бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының «Бес ғажайып сәт – 2025» жобасы аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Қыран елім – Қазақстан» қалалық байқауы өтті.Мақсаты-патриоттық тәрбие, елдің тарихын білу, алғашқы әскери дайындықтың практикалық дағдылары. 18 жалпы білім беретін мектептің 10 сыныптың 60 оқушылары қатысты.

Қыздар саптық және атыс дайындығы бойынша және эрудиттер турнирінде бақ сынасты. Байқауда қатысушылар зияткерлік міндеттерді шешуде, саптық қадамнан өтуде, саптық әнді орындауда, АК-74 бөлшектеу мен құрастыруда өз білімдерін көрсете алды.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте І дәрежелі дипломмен Б.Момышұлы атындағы және № 40 мектеп командалары, II дәрежелі дипломмен № 2, 14, 26,М. Жүсіп мектептерінің командалары, III дәрежелі дипломмен № 7, 11, 35 мектептің командалары марапатталды.

– Біз осындай маңызды іс-шараларға қатысқанымызды  мақтан тұтамыз, жарыстар бізге елдің қаһармандық тарихын жақсы білуге, командалық рухтың күшін сезінуге, жарыстарда өзімізді, батылдық, білім мен  тәртіпті көрсетуге көмектесті. Біз патриот болу – тарихты білу, өз Отанымызды қорғауға дайын болу екенін түсіндік – деп атап өтті № 40 мектеп командасының қатысушылары. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/994898?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді