
Қалалық мәслихатта Табиғат Зейнұлқабденнің төрағалығымен «Жаңа аудан құру, Астана қаласы аудандарының шекараларын белгілеу және өзгерту туралы» бірлескен шешімге өзгерістер енгізу мәселесі бойынша кезектен тыс сессия өтті.
Сессия жұмысына қала әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов, қала аудандарының әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
«Астана қаласы мәслихатының жаңа аудан құру, Астана қаласы аудандарының шекараларын белгілеу және өзгерту туралы бірлескен шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек Ахметов сөз сөйледі. Ол қаланың аудандары арасындағы шекараны түзету схемасын ұсынды.
Депутат Бауыржан Смайылов аудандар арасындағы шекараны түзетуді қолдап сөз сөйледі, алайда ол қаланың тарихи аудандарына да назар аударуды ұсынды. Мысалы, өсіп келе жатқан Сарыарқа ауданы және оның аумағының бір бөлігін жаңа ауданға беру қажет болуы мүмкін.
Дәулет Досқұлов – қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы «Астана қаласының аумағында құрылыс қалдықтарын басқару қағидаларын бекіту туралы» мәселе бойынша сөз сөйледі. Ол қазіргі жағдайға талдау жасады. Оның айтуынша, рұқсат етілмеген қоқыстардың 95%-ы құрылыс және бұзу нысандарының құрылыс қалдықтары. 5%-дан азы пәтерлерді жөндеу қалдықтарынан тұрады. Стихиялық қоқыс үйінділерінің негізгі себептерінің қатарында Досқұлов құрылыс қалдықтарын басқаруды реттейтін нормативтік құжаттардың жоқтығын, сондай-ақ, әкімдікте құрылыс қалдықтарының қозғалысын бақылау мен есепке алуды жүзеге асыру үшін цифрлық құралдардың жоқтығын атады. Осыған байланысты депутаттарға «Астана қаласының аумағында құрылыс қалдықтарын басқару ережесін» келісу ұсынылады.
Депутат Кендебай Адамбектің пікірінше, цифрландыруға ерекше назар аудару керек, цифрландыру енгізілгеннен кейін ғана құрылыс қалдықтарын бақылау мен есепке алуды қамтамасыз етуге болады. Бұл ретте қала бюджетіне қосымша жүктеме жүктеле ме, жоқ па, сол қызықтырды.
Депутат Бауыржан Смайылов депутаттар қоқыс полигонына барған кезде, оның жақын арада толатынын анықтағанын айтты. Осыған байланысты құрылыс қоқыстары қайда жиналады деген сұрақ туындайды.
Депутат Владислав Сергеев әріптесін қолдады, бұл нормативтік актіні дайындау өте уақтылы, бірақ бұл негізгі құжат, қосымша тыңғылықты жұмыс қажет деп санайды. Негізгі тәсіл қандай болатынын, қоқысты сұрыптауға баса назар аударылатындығын немесе қоқысты өртейтін зауыт салынатындығын анықтау керек.
Депутат Талғат Ерғалиев құрылыс қоқысының құны және тұрғындар қанша төлейтіні туралы сұрақ қойды. Егер бүгінгі күні жетіспеушілік болса, бюджеттен қосымша ақша бөлінеді ме?
Астана қаласы мәслихатының «Тегін медициналық көмектің, оның ішінде, дәрілік заттардың, мамандандырылған емдік өнімдердің, медициналық бұйымдардың кепілдік берілген көлемін Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін беру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова баяндады. Ол дәрілік заттармен жеңілдікпен қамтамасыз ету екі көзден: РБ және МБ-дан жасалатынын атап өтті. Бүгінгі таңда науқастар санының артуы байқалады. Басқарма тізбеге кірмеген дәрілік препараттарға қосымша қаржы сұрайды.
Ануар Саипов – тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басшысы «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу туралы» мәселе бойынша баяндады.
Депутат Асқар Смағұлов «Керуен» сауда орталығының жанындағы учаскені алып қоюға қарсы болды. Оның пікірінше, сату және сатып алу аукционын өткізу барысында заңдылық бұзылған. Осыған байланысты ол Бас прокуратураға аукцион өткізудің заңдылығын тексеру туралы өтінішпен жүгіну қажет деп санайды.
Депутат Владислав Сергеев әріптесіне бұл жағдайға құқықтық баға беру қажет екенін қолдады.
Нұрлан Нүркенов көтерілген мәселе бойынша жеке кездесу өткізуді ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/994841?lang=kk
Жауап қалдыру