
Қарағандыда жасөспірім велосипед ұрлығы бойынша ұсталды
Қарағанды қаласында велосипед ұрлығына қатысты күдікті анықталып, ұсталды. Оқиға сәуір айының соңында болған. 46 жастағы қала тұрғыны кофехананың маңында қалдырған велосипеді белгісіз біреулердің қолына түскен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын көлемі 380 мың теңгені құрады. Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол қолға түсті. Ұсталған — 17 жастағы жергілікті тұрғын. Тексеру кезінде полицейлер оның жанынан ұрланған велосипедті тауып, оны заңды иесіне қайтарды. Қылмыстық іс аясында жүргізілген тергеу барысында күдікті тағы бір ұрлық дерегіне қатысы барын мойындады. Ол шамамен екі апта бұрын екінші велосипедті ұрлағанын айтып, кінәсін толықтай мойындады. Бұл жолы жәбірленушіге 127 мың теңге көлемінде шығын келтірілген. Тәртіп сақшылары екінші велосипедті де тауып, оны иесіне қайтарып берді. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/995371?lang=kk
Жауап қалдыру