«Қауіпсіз жол» іс-шарасы: жол жүру ережелерін бұзудың 9000-нан астам дерегі анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Республика көлемінде 19 сәуір мен 19 мамыр аралығында өткізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері рейд жұмыстарын жүргізуде. Рейд барысында қызметкерлер басты назарда көлік жүргізушілері тарапынан орын алатын құқық бұзушылықтарға жол бермей, мас күйде көлік басқарудың алдын алудың маңызын түсіндіруде. Жол қозғалысының қауіпсізді әрбір жүргізушінің жауапкершілікпен көлік басқаруында екені де ескертілуде. Айта кетейік, іс-шара басталғалы жол жүру ережелерін бұзудың 9153 дерегі анықталып, 466 автокөлік айып тұрағына қойылды.
– Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу – 952;
– Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару және әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – 350;
– Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару – 1000;
– Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы – 383;
– Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау – 2183;
– Маневр жасау қағидаларын бұзуы – 444;
– Жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау – 165;
– Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы – 89;
– Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы – 271;
– Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы – 1503 дерегі тіркелді.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/995311?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді