
Министрдің қабылдауына Алматы және Қарағанды қалаларының азаматтары бірқатар құқықтық мәселелерімен келді.
Атап айтқанда олар сот шешімдеріне, нотариустар мен адвокаттардың және жеке сот орындаушыларының іс-әрекетіне қатысты шағымдарын жеткізді.
Өз кезегінде Ерлан Сәрсембаев өтініш берушілерге заңнама бойынша тиісті түсініктемелер беріп, тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Барлық өтініштер жеке бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/995384?lang=kk
Жауап қалдыру