ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕН ENI КОМПАНИЯСЫ БІРҚАТАР БАҒЫТТАР БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА НИЕТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Eni Kazakhstan компаниясының төрағасы және атқарушы директоры Сегер Хойтинкпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Eni компаниясының Қазақстандағы орнықты даму қызметі шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесуде медицинадағы цифрлық шешімдерді оңтайландыру жобалары бойынша, сондай-ақ балалар денсаулығының әртүрлі бағыттарындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстан мен Италия арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына тәжірибе және инновациялар алмасу, бірлескен жобаларды іске асыру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын арттыру, кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту және басқа да бағыттар кіреді.

«Біз италиялық тараппен мамандардың біліктілігін арттыруға, салалық инфрақұрылымды дамытуға, жоғары оқу орындарының арасында тәжірибе мен білім алмасуға, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған италиялық тәжірибені тартуға мүдделіміз», – деді А. Әлназарова.

Қазақстандық тарап жас мамандарға арналған медициналық экология, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты, денсаулық сақтаудағы менеджмент бағыттары мен басқа да өзекті тақырыптарды қамтитын жазғы оқу курстарын өткізу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/994371?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді