Сессия отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сессия отырысы өтті
Бүгін Ж.Бисенғалиеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті XХХІIІ –сессиясының отырысы болып өтті.
Сессия отырысына аудан әкімі Т.Шакиров, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы Л.Тастембекова, мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде аудандық мәслихаттың XХХІІI-ші сессиясының күн тәртібіндегі 4 мәселе қаралды.
Күн тәртібінде 1 мәселе бойынша аудан әкімінің 2024 жылы ауданымызға атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалып, алдағы жоспарлар пысықталды.
Мәслихат депутаттары аудан әкімінің есебіне оң бағасын беріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
2-ші мәселе бойынша, аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиеваның «Аудандық мәслихатының VIII шақырылымдағы депутаттарының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы» есебі тыңдалды.
3-ші мәселе бойынша, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастембекова жергілікті бюджеттің орындалуына талдау жасап, 2024 жылы аудан бюджеттің негізгі параметрлерінің басым бөлімі орындалғаның, бюджеттің кірістер бөлігінің орындалуы бойынша және нақты шығындарын атап өтті.
Округ әкімдері ауылға бөлінген бюджет қаражаттары бойынша жоспардың орындалуын және қанша пайызға игерілгенің түсіндіріп өтті.
4-ші мәселе бойынша, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастембекова «2025 жылы Тасқала ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» шешім жобасымен таныстырды.
Сессиясы барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді егжей-тегжейлі қарап, талқылап, шешімдерді бір ауыздан бекітті

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/taskala-maslihat/press/news/details/995493?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді