ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДЕЗИНСЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР БАҚЫЛАУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың тапсырмасына сәйкес, шіркейге қарсы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қатаң бақылауда.
2025 жылы 13 мамырда облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасовтың шіркейге қарсы шаралар бойынша кезекті ШТАБ отырысы өткізілді.
Штаб отырысында ағымдағы жағдайға шіркейге қарсы қолданып жатқан препораттар, олардың тиімдігілі қаралды. Сондай ақ, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген ауылдарда оның нәтижесі бойынша аудан әкімдіктерінің есептері тыңдалды.
Сонымен қатар, біздің өңірде қолданылып жатқан биологиялық препараттың өндірушісі «Сибио фарм» компаниясының өкілі Александр Николаевич Швыдков таңдалып, «Бактицид» препаратын тиімді пайданалу тетіктері зерделенді.
Осы ретте, айта кету керек биологиялық залалсыздандыру жұмыстарының 9 туры өткізіліп, 95 тонна биопрепорат Сырдария өзеніне құйылды. Бұл бағытта 10 техника, 7 техника жұмылдырылған.
Сондай-ақ, химиялық дәрілеу жұмыстары 15 секторда бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жалпы 51 елді мекен, 591 көшеде залалсызданыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде, бұл жұмыстарға 27 техника күнделікті пайдаланылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/994579?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді