Шымкент қаласының прокуратурасы шомылу маусымының қарсаңында қолайсыз жағдайлардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Ағымдағы жылы республика бойынша су айдындарында 30 адамның суға бату оқиғасы орын алған, оның ішінде жасөспірім балаларда бар.
Осыған байланысты негізгі қауіпсіздік ережелерін білу маңызды:
– рұқсат етілмеген орындарда суға шомылмаңыз;
– шомылуға тек белгіленген, рұқсат етілген, қауіпсіздік талаптарына сай орындарды пайдаланыңыз;
– балаларды үлкендердің қарауынсыз суға жібермеңіз;
– құтқару құралдарын пайдалануды ұмытпаңыз;
Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдармен рейдтік іс-шаралар тұрақты жүргізілуде (жыл басынан бастап 98 рейд жүргізілген).
Айта кетсек, су пайдалану және қауiпсiздiк қағидаларын бұзу ҚР ӘҚБтК-нің 364, 412-баптарымен әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
Сіздің денсаулығыңыз бен қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда!
Шымкент қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/994074?lang=kk
Жауап қалдыру