ШЫМКЕНТТЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕННИС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

12 мамыр – Шымкент қаласындағы Теннис орталығында халықаралық деңгейдегі ірі жарыс — ITF Junior Billie Jean King Cup Asia/Oceania Final Qualifying турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Аталған турнирге Азия мен Мұхит аймағынан келген 16 елдің ең үздік жас теннисшілері қатысуда. Олардың қатарында Қазақстан, Австралия, Жапония, Қытай, Үндістан, Корея, Өзбекстан, Иран, Таиланд, Малайзия және басқа да елдердің құрамалары бар.

Салтанатты шарада Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков, Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Доскараев, сондай-ақ Азия және Халықаралық теннис федерацияларының ресми өкілдері құттықтау сөз сөйледі.

Рәсім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен аяқталып, жарыс ресми түрде ашық деп жарияланды.

Халықаралық аренадағы алғашқы қадамдарын жасап жатқан жас теннисшілерге қолдау білдіру үшін келген жанкүйерлер мен қонақтар турнирден ерекше әсер алды.

Айта кетейік, 19 мамыр күні осы алаңда ITF Junior Davis Cup Asia/Oceania Final Qualifying турнирінің ашылу рәсімі өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/994503?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді