Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты және «Әл-Фараби» КММ-нің қызметшілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында 13.05.2025 жылы іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Н.Қалдыбаевтың, Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Акишевтің, Шымкент қаласының дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы И.Айтаевтың және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету аға оқытушысы Ж.Сариеваның қатысуларымен «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 үлгілік базалық бағыттың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеулер мен алдағы уақытта жаңа шектеулерді енгізу туралы ұсыныстар берілгендігі туралы, Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 2.7. және 2.8. тармақтарына сәйкес «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға немесе бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді бұзушылыққа жол бермеуге, Мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмау және салдарына қандай жауапкершілік қарастырылғандығы туралы мәселелер қозғалды.
Соынмен қатар, Мемлекеттік қызметшілер үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына магистратура және докторантураға түсі тәртібі мен артықшылықтары туралы түсіндерме семинары ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/995561?lang=kk
Жауап қалдыру