Түркістан облысында «Кибералаяқтық»: алдын алу, қорғау, жауапкершілік тақырыбында форум өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан қаласында облыс прокуратурасы және облыстық полиция Департаменті бастамасымен «Кибералаяқтық»: алдын алу, қорғау, жауапкершілік тақырыбында форум өтті.

Форумның мақсаты – қоғамның назарын қылмыспен бірлесіп күресуге, кибералаяқтықтан сақтануға шақыру.

Форумға облыс прокуроры  Мұрат Тлеубердиев, полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов және облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов қатысты.

Облыс прокуроры өз сөзінде мемлекеттік органдар мен ІТ мамандары арасында тәжірибе алмасу, өзара тиімді байланыс орнату мақсатында мұндай кездесулердің тиімділігін атап өтті.

Облыс прокуроры кибералаяқтық түрлері мен салдарын түсіндіріп, азаматтар мен құқық қорғау органдарын қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін қылмысқа қарсы күресте бірігуге шақырды.

Спикерлер ретінде ІІМ-нің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастығы Ерболат Балғабаев, «CYBERLABS» ЖШС-нің өкілі Әділет Хамзин, «Digital road» ІТ – индустриясының кәсіпкерлер ассоциациясының өкілі Сейдулла Исмаилов қатысты.

Түркістан облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/995405?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді