
2025 жылдың 12-ші мамыры күні Ақжар аудандық мәслихатының депутаты Б.А. Баржановтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың бюджет және экономика жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы жалғасты. Комиссия мүшелері 2025-2027 жылдарға арналған ауылдық бюджеттер жобаларын қарады. Халық қалаулылары осы сұрақты талқылауға белсене қатысты. Көптеген маңызды мәселелер көтерілді. Шығыстар бөлігінде аудан бюджеті әлеуметтік бағыттылықты сақтауы ескеріліп өтілді. Нәтижесінде қаралған мәселе аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының қарауына ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-akzhar/press/news/details/994175?lang=kk
Жауап қалдыру