Үлкен өзгерістің қорытынды туры

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны»бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының «Үлкен өзгеріс – 2025» жобасының «Best class» VII туры 22 – 29 сәуірде бекітілген кесте бойынша 10 мектептің базасында өтті.Жетінші турға № 7, 25, 26, 40, К. Мақпалеев атындағы, С. Торайғыров атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл, А. Бөкейхан атындағы мектептердің 7-8 сыныптарының 232 оқушысынан тұратын 10 команда, алтыншы турдың жеңімпаздары қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, жоба «We love sports», «Міне, біз! Танысайық!», «Менің арманымдағы мектеп», «Favorite book», «Мектеп уақыты», «Жақсылық жаса және бер!», «Best class» атты жеті турдан тұрды. Мақсаты-шығармашылық өзін-өзі ұйымдастыруды, өзін-өзі жүзеге асыруды, мектеп ұжымдарының өзін-өзі бақылауын дамыту, шығармашылық жоба процесінде ұжымдық ынтымақтастықты қолдау және кеңейту, мүдделер бойынша жан-жақты қажеттіліктерді қалыптастыру.

Жетінші турдың шарттары бойынша қатысушылар вокалистердің концерттік бағдарламасын, хореографиялық нөмірлерді, музыкалық аспапта орындауды, көркем сөздерді ұсынды, көрмелер ұйымдастырды, өздерінің шығармашылық жетістіктерін, спорттағы, сәндік-қолданбалы өнердегі жетістіктерін көрсетті. Командалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін – әртістік, орындаушылық шеберлігін, сахналық мәдениетін, концерттік бағдарламаны өткізу қабілеттерін көрсетті.

Жоба қорытындысы мамыр айында жобаның салтанатты жабылуында шығарылады. Жеңімпаз команда бас жүлдені, ауыспалы кубокты және Баянауылға туристік жолдаманы алады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен, «Павлодар дарыны» орталығының сыйлықтарымен марапатталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/994407?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді