Жамбыл облысының дәрігерлері бүйрек ісігін емдеудің жаңа әдістерін алғаш рет қолданды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысында алғаш рет бүйрек обырын емдеудің инновациялық әдістері – иммундық терапия мен таргеттік терапия қолданылды. Емдеу облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында жүргізілді.

Пациент диспансерлік есепте тұр. Ол иммундық терапия ретінде «Бавенсио» (Авелумаб) препаратымен ем алуда, бұл дәрі көктамыр арқылы енгізіледі. Таргеттік терапия ретінде ол «Кабозантиниб»  (Кабометикс) препаратын таблетка түрінде қабылдайды. Бұл дәрілер Қазақстанда алғаш рет қолданылуда, алайда шетелде олардың тиімділігі дәлелденген. Пациент емді жақсы қабылдап жатыр, жағдайы тұрақты, дәрігерлердің үнемі бақылауында.

Бұған дейін Жамбыл облысында алғаш рет бүйрекке органды сақтап қалу операциясы сәтті жасалды. Облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында 1961 жылы туған пациентке оң жақ бүйрегіндегі ісікке ота жасалды. Ол алғашқы белгілер пайда болғаннан кейін бір ай өткен соң жалпы әлсіздікке шағымданып дәрігерге жүгінген.

Ісікті жоспарлы ультрадыбыстық зерттеу кезінде анықтады. Компьютерлік томография диагнозды растады. Облыстың жетекші мамандарының консилиумы ісіктің кіші көлемін (2,2 х 2 см) ескере отырып, органды сақтап қалатын ең тиімді емдеу әдісін таңдады. Дәрігерлер ісікті резекциялау – зақымдалған тіндерді алып тастау операциясын жүргізді. Операцияны дәрігер Фарух Халматов пен уролог-дәрігер Қайрат Баймұхаметов жасады. Отадан кейін пациенттің жағдайы біршама жақсарды. Болашақта мұндай операциялар кеңінен қолданылып, пациенттер үшін қауіпсіз болады деп күтілуде.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sayasat/press/news/details/995377?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді