Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Business.enbek.kz порталында 2025 жылғы 21 мамырдан бастап 1-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар алуға өтінімдер қабылдау жүзеге асырылады. Республика бойынша бірінші лекте 4 500 адамға грант беру жоспарлануда.
Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады.
Гранттың мөлшері 400 АЕК-ті (1 572 800 тенге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өтінім беру үшін қажет:
– Порталда тіркелу;
– грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
– бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
– өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.
Ақпарат алу үшін Сіз Тимирязев ауданының мансап орталығына жүгіне аласыз
тел: 8 (71537) 2-18-00, ұялы. 8 700 130 58 92

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ozsp-timirazevo/press/news/details/994233?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді