ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жеңіс күні қарсаңында Абай облысының Әдiлет департаментінің басшысы Ернар Сейдiмбек Ұлы Отан Соғысының және еңбек ардагері, “Қызыл жұлдыз” және І дәрежелі Отан соғысы ордендерінің, “Жауынгерлік еңбегі үшін”, “Кенигсбергті алғаны үшін”, “ Германияны жеңгені үшін” медальдарының иегері, 103 жасқа келген Халық қаһарманы – Қаймолдин Әбдіғали ардагерді құттықтады.

9 мамыр – Жеңіс күні Әбдіғали атаның ерлігі үшін мақтаныш пен шынайы құрмет көрсететін мереке болып қалатыны сөзсіз.

Айта кетсек 2025 жылдың ақпан айында Белорусь мемлекетiнiң президенті Александр Лукашенко ардагерiмiздi арнайы медальмен марапаттаған болатын.

Бейбіт өмір сыйлаған ардагерлеріміздің есімдерін ешқашан ұмытпаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/994868?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді