Жұмысшы мамандықтары жылы: Ақтөбе облысында дуальды білім беру белсенді даму үстінде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбеде «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы, құрылыс-техникалық колледжі және өңірдегі бірқатар жетекші кәсіпорындар арасында әлеуметтік әріптестік туралы үшжақты меморандумдарға қол қойылды. Бұл қадам еңбек нарығындағы өзекті мәселелерді шешуге және мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды «Атамекен» ӨКП.

Меморандумға колледж директоры Гүлден Есенғалиева, палата директоры Дидар Боранқұлов, сондай-ақ серіктес компаниялардың, соның ішінде Jakko кәсіптік білім беру орталығы, INTELGroup компаниясы, «СК СамрукГрупп» ЖШС, «Интерстиль» серіктестігі, «АқтөбеРемСтройВентиляция-Стройсервис» серіктестігінің басшылары қол қойды.

Құжат колледж студенттеріне нақты өндіріс орындарында практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретін дуальды оқытуды ұйымдастыруда тараптардың өзара ынтымақтастығын қарастырады. Бұл дәнекерлеу, ғимараттарды салу және пайдалану, электрлі механикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу, инженерлік жүйелерді орнату сияқты біліктіліктер үшін өте маңызды.

«Әлеуметтік әріптестік туралы меморандум құрылыс-техникалық сала үшін мамандар даярлаудың тиімділігін арттыру мақсатында жасалды.Біз практикалық тәжірибесінің жоқтығынан жұмысқа орналасу қиынға соғатын колледж түлектеріне көмектесуді мақсат етіп отырмыз», – деді Гүлден Есенғалиева.

Дидар Боранқұлов сондай-ақ, өңірдің экономикалық дамуындағы оң үрдістерге назар аударды, онда 2024 жылы 460 мың адам жұмыспен қамтылса, оның 382 мыңы жалдамалы жұмысшылар.
Дегенмен, өсімге қарамастан, білікті жұмысшылар жетіспейді, әсіресе жұмысшы мамандықтары. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметі бойынша, облыстағы 744 кәсіпорынға 7400 маман қажет, техникалық, инженерлік және IT мамандықтарына сұраныс жоғары.

Кадр тапшылығын жоюдың тиімді жолдарының бірі – 59 мамандық пен 86 біліктілікті қамтитын дуальды оқыту. «Дуалды білім берудің жол картасына» қазірдің өзінде 1212 кәсіпорын мен 27 колледж қатысып жатыр.

Айта кетейік, Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінде құрылыс және дәнекерлеу мамандықтары бойынша оқытады, сонымен қатар электриктер мен сантехниктерді (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының инженерлік жүйелеріне қызмет көрсету шебері) дайындайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/995397?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді