
А.ж. мамыр айында дін істері басқармасы және Терроризмге қарсы комиссияның өкілімен бірге кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы діни экстремизмнің алдын алу бойынша жол карталарын орындау аясында облыстың білім беру, дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп өткізілетін семинарлар циклі аяқталды.
Осылайша, а.ж. 14 мамырда Тереңкөл ауданының ЖОМ, колледждері мен БЖСМ басшылығына, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, психологтарына, жаттықтырушыларына және т.б. семинарлар ұйымдастырылды. Семинардың тақырыбы: «Оқыту мен тәрбиелеудің зайырлы сипатын қамтамасыз ету, діни экстремизмнің алдын алу, конфессияаралық толеранттылық пен келісімді қалыптастыру».
Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері: облыстың дін істері басқармасының басшысы – Б. Қаппасов, «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС директоры – Г. Раздықова, сондай-ақ облыстық ТҚК бөлімінің бас инспекторы – Ж. Слямов сөз сөйлеп, қысқа бейнероликтер көрсетті. Соңында мұғалімдер және спорт қоғамдастығымен диалог өтті. Барлық сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер берілді. Семинарға спорт және білім беру саласындағы 103 маман қатысты.
Сондай-ақ, ТҚК бас инспекторы ЖОМ мен колледж басшыларын террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғау талаптарына қатысты хабардар етті.
Жалпы Павлодар облысында аталған семинарлар барлық қалалар мен аудандарда өткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-din/press/news/details/996117?lang=kk
Жауап қалдыру