2025 жылы Шымкент қаласының аумағында шомылу маусымында сақтық шаралар туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің негізгі қызметтерінің бірі – қала аумағындағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

2025 жылы республика бойынша суға бату бойынша 30 жағдай тіркелді, олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар. Ал Шымкент қаласында мұндай оқиғалар тіркелген жоқ.

Суда жаппай демалу, туризм және спортпен шұғылдану үшін қалада 5 ресми орын бекітілген, оның 3-еуінде шомылуға рұқсат етілген. Сонымен қатар, қала аумағында шамамен 20 аквапарк пен бассейн шомылу маусымында жұмыс істейді.

Жыл басынан бері 98 рейд ұйымдастырылып, 8520 адам қамтылды. Бұл жұмыстар күнделікті, демалыс және мереке күндері күшейтілген режимде жүргізілуде.

Судағы қауіпсіздік шаралары туралы бейнероликтер бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және адам көп жиналатын орындардағы LED экрандарда көрсетілуде. Шомылу маусымы басталғанда тұрғындардың ұялы телефондарына 112 қызметі арқылы ескерту хабарламалары жіберіледі.

Су пайдалану қағидаларын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412, 364, 440-баптарына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

Анықтама үшін: 2024 жылғы шомылу маусымында Департамент тарапынан ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша (судағы қауіпсіздік талаптарын бұзу немесе орындамау) 46 тұлғаға 832 000 теңге көлемінде айыппұл салынған.

2025 жылы қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шомылу маусымын тиісті деңгейде өткізу мақсатында:
– жергілікті полиция қызметімен бірлесіп рейдтер жүргізу;
– суға түсуге тыйым салынған орындарда қараусыз жүрген балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту;
– қауіпті және жабдықталмаған су айдындарында тыйым салатын және ескерту белгілерін орнату;
– балаларды жүзуге үйрету жұмыстары қолға алынатын болады.

Шомылу маусымының қауіпсіз өтуін және жазатайым оқиғалардың алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында Департамент жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлармен бірлесе отырып, үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/996744?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді