
Әкем, анам және мен
Мамыр айының 15-і күні аудан тұрғындары арасында отбасы күніне орай, «Koksu jastary» филиалы және Мұқаншы ауылдық округі, Мұқаншы орта мектептің ұйымдастыруымен “Әкем, анам және мен” атты отбасылық жарыс өтті. Төмендегі отбасылар жүлделі орынға ие болды.
1 орын Төндіріс әулеті
2 орны Пак әулеті
3 орын Санат әулеті
Барлық кезеңдерде қатысушылар өздерінің түрлі қабілеттерін паш етіп, ерекше жарыс үлгісін көрсетті.
Аналар мен әкелер, қыздар мен ұлдар батылдықта, ептілік пен шапшаңдықта өзара бақ сынасты. Әр отбасы мүшесі ұйымшылдық пен ауызбірлікте жарысқа белсенді қатысты.
Аналар мен әкелер кішкентай спортшыларды қызу қолдап, дем беріп отырды. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көңілді әрі тартымды өтті.
Шара соңында барлық қатысушылар мақтау қағаздары мен құнды сыйлықтармен марапатталды. Бұл тек жарыс қана емес, отбасы арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайтатын керемет шара болды!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu/press/news/details/996769?lang=kk
Жауап қалдыру