
«Сарыарқа» ауданында ағаштардың бұтақтарын санитарлық кесу жұмыстары жалғасуда.
Көбі аулаларда ара ұстаған жұмысшыларды көріп: «Тағы да ағаштарды кесіп жатыр!» – деп жатады. Алайда бұл жұмыстардың басты мақсаты ескі, қураған бұтақтардың құлау қаупінің алдын алу, желді күндері сымдар мен ғимараттарға бұтақтардың зиян келтірмеуі, сондай-ақ ағаштардың ауруға шалдығуы мен қартаюының алдын алу.
Санитарлық кесу, қалпына келтіру жұмыстары аяқталған соң, ағаштың кесілген орны арнайы құраммен өңделеді.
Айта кету керек, аулалардағы барлық жұмыстар тұрғындардың келісімімен және ПИК / МИБ өкілдерінің тарапынан түскен өтініш негізінде ғана атқарылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/995873?lang=kk
Жауап қалдыру