Алматы полициясы Ұлы Отан соғысының 101 жастағы ардагеріне арнап концерт ұйымдастырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қалалық полиция Департаментінің қызметкерлері дәстүр бойынша 101 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Қамбар Сәрсенді Жеңіс күнімен құттықтады.
Салтанатты шара оның үйінің ауласында өтті.
Алматы ПД бөлімшелерінің жеке құрамы сапқа тұрып, батырдың терезесінің алдынан жүріп өтті.
Ардагер, бұл күні арнайы мерекелік репертуар дайындаған Полиция Ансамблінің жанды дауыста орындауында майдангер әндерді тыңдады.
«Біз Қамбар Әмірұлын жеке құттықтау мүмкіндігіне ие болғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл бәріміз үшін дәстүр ғана емес, мәртебе. Жеңіске жеткен ұрпақ алдындағы парызымыз марштың әр қадамында, әннің әр аккордында, әр сөзінде сезілсе дейміз», – деді, Алматы қаласы полиция Департаменті бастығының орынбасары Әділғожа Құсайынов.
Қамбар Сәрсен ауыр жауынгерлік жолдан өтіп, майданнан оралып, ел игілігі үшін ұзақ жылдар еңбек етті.
Барлық жеке құрам үшін онымен кездесу – тірі тарихпен, нағыз батылдықпен, қайсарлықпен кездесу.
Алматы полициясы ұрпақтар сабақтастығы мен шексіз алғыс сезімін ерекше атап өтіп, майдангерлерді жыл сайын құрметтейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/996097?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді