
Адам папилломавирусы – әртүрлі органдардың тері мен шырышты қабаттарын зақымдайтын вирус. Кейбір жағдайларда инфекция папилломалардың пайда болуына әкеледі (сүйел тәрізді өсінділер).
Адам папилломавирусы ауру адамнан жұқтырған терімен, шырышты қабаттармен немесе дене сұйықтықтарымен тікелей байланыс арқылы беріледі.
Вирус адамнан адамға келесі жолдармен беріледі:
– тұрмыстық байланыс – қол алысу, сүйісу немесе терінің зақымдануы арқылы жұғуы мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарда – сауналарға, ванналарға, спорт залдарына, дәретханаларға, бассейндерге барған кезде жұқтыру қаупі жоғары болуы мүмкін;
– жыныстық – онкогенді вирус түрлері, жыныстық жолмен берілсе, жыныс мүшелерінде орналасқан жыныс сүйелдерін тудырады;
– вертикальды, яғни туылған кезде, вирус анадан балаға босану кезінде беріледі. Нәрестелерде сүйелдер көбінесе аузында немесе терісінде пайда болады.
Адам папилломавирусына қарсы профилактикалық вакцинация жатыр мойны обырының дамуын болдырмауға көмектеседі.
Вакцина әйелдердің репродуктивті денсаулығына ықпал етпейді және бедеулікке әкеліп соқпайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/996086?lang=kk
Жауап қалдыру