
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Ақтөбеде қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерін еске алу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов бастаған полицияның жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері және Ақтөбе қаласындағы №13 орта мектептің жас сақшылары қатысты.
Шара барысында қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, қаза тапқандардың рухына тағзым етілді.
Бұл ескерткіш — Отан алдындағы борышын өтеп, өз өмірін қиған полиция қызметкерлерінің ерлігі мен адалдығының символы.
Іс-шараға қатысушылар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың ерлігіне және қызметке деген адалдығына құрмет білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/996692?lang=kk
Жауап қалдыру