Астанада жас техниктердің қалалық байқауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанадағы «Білім парк» филиалында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Балалар, техника, шығармашылық!» атты жас техниктердің қалалық байқауы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Байқауды Астана қаласының Білім басқармасы мен қалалық әкімдікке қарасты «Техникалық және көркем шығармашылық орталығы» ұйымдастырды.

Іс-шара техникалық және көркем шығармашылық орталығының 20 жылдығына орайластырылған «20 қайырымды іс» акциясы аясында өткізілді.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың инженерлік және конструкторлық ойлау қабілетін дамыту, ғылыми-техникалық шығармашылықты қолдау және үздік тәжірибелерді анықтап, кеңінен насихаттау.

Байқау мынадай бағыттарды қамтыды:
Ауыл шаруашылығы техникасының үлгілері мен макеттері;
Болашақтың техникасы мен қиял-ғажайып жобалар;
Су көлігі (суасты аппараттары, кеме үлгілері);
Әуе көлігі (ұшақтар мен тікұшақтардың үлгілері);
Автотехника (эксперименттік автокөлік үлгілері);
Әскери техника (танктер, артиллерия, зымыран кешендері);
Ғарыштық техника (зымырандар, айда жүретін көліктер, ғарыш айлақтары мен станциялары).

Байқауға елордалық мектептердің оқушыларынан 40-қа жуық өтінім қабылданды. Қорытынды бойынша жеңімпаздар анықталып, олар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/996137?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді