Атырау қаласы Дамбы ауылдық округі тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, өзекті мәселелеріне құқықтық көмек көрсету мақсатында, “Тегін құқықтық ақпарат күні ” өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»
Ағымдағы жылдың 14-мамыр күні Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Г.У.Кыстаубаева және Құқықтық- ақпараттық кеңес беру орталығы, жеке нотариус, заңгердің қатысуымен Атырау қаласы Дамбы ауылдық округі тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, өзекті мәселелеріне құқықтық көмек көрсету мақсатында, “Тегін құқықтық ақпарат күні ” өткізілді. Аталған шараға әртүрлі мәселелермен жүгінген азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсінік берілді.

Сонымен қатар, Департамент маманымен бүгінгі таңда онлайн режимінде EgovMobile қосымшасы арқылы адвокаттың және заң консультантының қызметтерін алуға арналғын « Е-заң көмегі » жүйесінің және жеке нотариуспен «eNotary» жүйесі арқылы сенімхаттарды рәсімдеу бойынша қызметтерін алу мүмкіндіктері туралы түсінік беріліп, мобильді қосымша арқылы алу тәртібі көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/996926?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді