
Жақында Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсеновтың төрағалығымен кеңес отырысы болып өтті.
Аудандық Қоғамдық кеңес отырысына Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы Ә.Қошалақов, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Ә.Сәкен, (“ZOOM” платформасы арқылы онлайн қатысып отыр), кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер бойынша Қармақшы аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ж.Омаров, Қармақшы ауданының мансап орталығы филиалының директоры міндетін атқарушы Е.Смайлов, Байқоңыр қаласының мансап орталығы филиалының директоры міндетін атқарушы А.Бержанова, Жосалы кенті әкімі А.Досмұратов, Жосалы кенті әкімінің орынбасары Н.Шәкенов, Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Омаров, Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Жылтыров, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ:
- «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «Қармақшы ауданының мансап орталығы» филиалының атқарып жатқан жұмыстары, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен нәтижелі жұмыс жасаудағы есебі.
Есеп беруші: Қармақшы ауданының мансап орталығы филиалының директоры міндетін атқарушы Е.Смайлов.
2.«Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «Байқоңыр қаласының мансап орталығы» филиалының атқарып жатқан жұмыстары, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен нәтижелі жұмыс жасаудағы есебі.
Есеп беруші: Байқоңыр қаласының мансап орталығы филиалының директоры міндетін атқарушы А.Бержанова.
- Аудандық бюджеттің атқарылуы жайлы жылдық есеп.
Есеп беруші: Қармақшы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Ниматулла
- Жосалы кенті әкімінің тұрғындарды аяқсумен қамтамасыз етуде, көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізуде атқарып отырған қызметтері және алдағы перспективалық жобалары.
Есеп беруші: Жосалы кенті әкімі А.Досмұратов
- «Қармақшы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесін бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 қарашадағы № 47 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы.
Хабарламашы: Қармақшы аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ж.Омаров.
- «Қармақшы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесін бекіту туралы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 мамырдағы № 47 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы.
Хабарламашы: Қармақшы аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ж.Омаров.
- «Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал ауылының шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы» бірлескен Қармақшы ауданы әкімдігінің қаулы және Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы.
Хабарламашы: Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Омаров.
- «Қармақшы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 145 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы.
Хабарламашы: Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б. Жылтыров.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті сала басшыларының есептері мен хабарламалары тыңдалып, талқыланып, аудандық қоғамдық кеңес тарапынан шешімдер қабылданды. Кеңес мүшелерімен қатар аудандық мәслихат төрағасы Ә.Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Е.Назарқұловтар Жосалы кентінде тұрғындарды аяқсумен қамтамасыз етуде орын алып отырған кемшіліктерге тоқталып, оны жақсарту жөніндегі ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кеңес отырысында Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобалары мен бірлескен Қармақшы ауданы әкімдігінің қаулы және Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасына келісім берілді.
ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karmakshy/press/news/details/995718?lang=kk
Жауап қалдыру