БӘЙДІБЕК: КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бүгін аудан әкімі Ерлан Нұрмахановтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. Мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралып, төрт негізгі бағыт бойынша баяндамалар тыңдалды.
 
Күн тәртібінің бірінші және екінші мәселелері бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мейрамкүл Тұрымбекова баяндама жасап, 2025 жылдың алғашқы 3 және 4 айының қорытындысы, негізгі индикаторлар мен бюджет кіріс-шығыс бөлігінің орындалуы жөнінде мәлімет берді.
 
Үшінші мәселе аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Азизханов атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы есеп берді. Коммуналдық тұрғын үйлер мен “Орталық саябақтағы” құрылыс сапасына қатысты ескертулер айтылып, жұмысшы топтың әрекетсіздігі сынға алынды. Жауапты тұлғаларға нақты мерзіммен тапсырмалар жүктелді.
 
Төртінші мәселе бойынша аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы Ален Азамат Назарұлы хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысын баяндады. Мерзімінде орындалмаған тапсырмалар үшін жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау тапсырылды.
 
Мәжіліс соңында аудан әкімі мемлекеттік мекеме басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту және әдеп нормаларын сақтау жөнінде нақты тапсырмалар беріп, жүктелген міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуын талап етті.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/996047?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді