
Басқарма басшысы Қазақстан құрама командасының мүшесі, 2024 жылы Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатында әйелдер күресінен қола жүлдегер атанған Лаура Альмаганбетова және бапкері, әйелдер күресінен Қостанай облысының аға жаттықтырушысы Сандыбек Сарсеновпен кездесті.
Лаура – Сарыкөл ауданының тумасы. Әйелдер күресімен 10 жасынан бастап айналысады. Спортшы республикалық жарыстардан, халықаралық деңгейдегі ареналарда жүлделі орындар алып келеді. Азия чемпионатынан бөлек Польшада өткен «Poland Open» халықаралық жарысында әйелдер күресінен қола жүлдені жеңіп алған болатын.
Кездесу барысында басқарма басшысымен спортшының алған жарақатына байланысты қолдау көрсетіліп, оны толыққанды қалпына келуіне жасалатын жағдайлар пысықталды. Бапкері Сандыбек Хамитович спортшының алдағы спорттық жоспарлары мен дайындық кезеңдерімен бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/996174?lang=kk
Жауап қалдыру