БҚО-да Халықаралық отбасы күніне орай салтанатты шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Ақ отау» отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігі отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған үлкен шара өткізді.
Кездесудің мақсаты: отбасылық құндылықтардың маңыздылығын көрсету,үлгілі отбасыларды қолдау және ынталандыру, отбасылық тәжірибе алмасу,отбасылық қатынастарды тәрбиелеу және нығайту.
Жиынға әр түрлі ұлт өкілінен құралған отбасылар шақырылған. Олардың қатарында қарапайым еңбек жолында жүрген отбасылар да бар.
Шара барысында бірнеше жылдан бері бірге қол ұстасып өмір сүріп, бала-шаға мен немере-шөберенің қызығын көріп отырған жанұялар алдында сөз алған БҚО ҚДБ басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің құттықтауын жеткізді.
Кездесуде әр отбасы өздерін таныстырып, қазақ халқының отбасылық дәстүрлері мен құндылықтарын сақтаудың маңыздылығына тоқталып, өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, отбасылық бірліктің маңызын ерекше атап көрсетті.
Салтанатты жиын соңында әр отбасыға ерекше құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-uvp/press/news/details/996742?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді