Қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;
бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;
Салық кодексінің 88-бабының 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын;
тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша іріктелген салықтық тексерулер тізімінде жоқ не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің, сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулердің жартыжылдық графигінде жоқ;
салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдер деңгейі жоғары емес дара кәсіпкерлер қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.
Жауап қалдыру