ДДҰ-ның Жаһандық бенчмаркинг құралы бойынша виртуалды аудит өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

13-15 мамыр аралығында Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының базасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Жаһандық бенчмаркинг құралы (WHO Global Benchmarking Tool, WHO GBT) бойынша виртуалды аудит өтті. Аудит ДДҰ штаб-пәтерінің доктор Разие Остад Али Дехаги бастаған ғылыми және техникалық мамандардың, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіповтың, Ұлттық орталықтың бас директоры Дәурен Диханбаевтың, сондай-ақ Комитет пен Орталықтың сарапшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

Аудит ұлттық реттеуші органның «қатаң реттеуші» мәртебесіне сәйкес келетін және дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік реттеудің күшті және орнықты жүйесінің болуын куәландыратын 3-деңгейге жету үшін дайындық шеңберінде жүргізілді.

Іс-шараны ДДҰ штаб-пәтері (WHO/HQ), ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы (WHO/EURO) және ДДҰ-ның Қазақстандағы Елдік кеңсесі үйлестірді.

Виртуалды аудит шеңберінде ДДҰ командасы алдын ала өзін-өзі бағалау нәтижелерін талдауда ұлттық реттеушіге әдістемелік қолдау көрсетті, процестерді одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар берді, сондай-ақ алдағы ресми миссияға дайындыққа жәрдемдесті.

Виртуалды кезеңнің нәтижелері бойынша аудиторлар Қазақстанның реттеуші органдарының дәрілік заттарды реттеу жүйесін одан әрі дамыту деңгейінің жоғары екенін атап өтті. Аудиттің қорытынды ресми кезеңі ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kmfk/press/news/details/996819?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді