
ДЕПАРТАМЕНТ 2025 ЖЫЛДЫҢ І ТОҚСАНЫ МЕН СӘУІР АЙЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ ЖӘНЕ АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТУРАЛЫ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
📍 2025 жылдың 12 мамырында Департамент басшысы Амангелды Салхудинұлы 2025 жылдың І тоқсаны мен сәуір айында еңбек қатынастары бойынша атқарған жұмыстарды қорытындылау және алдағы уақытта міндетті атқарылуы тиіс жұмыс жоспарын талқылау мақсатында Департамент қызметкерлерімен жиналыс өткізді.
📍 Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе 2025 жылдың І тоқсаны мен сәуір айы бойынша жұмыс қорытындылары, Департаментке келіп түскен арыз-шағымдардың орындалу тәртібі мен мерзімін қадағалау, жүргізілген тексерулер, сала бойынша талдау, берілген нұсқамалар және олардың орындалуы, ол бойынша орын алған заң бұзушылықтарға қатысты салынған айыппұлдар заңдылығына талдау жасалып, сын-ескертпелер айтылды.
📍 Күн тәртібіндегі келесі мәселе өңірлердегі инвестициялық жобалар бойынша жұмысшылардың еңбек қатынастарын формализациялау бағытында “Жобалардың инновациялық навигаторы” цифрлық платформасында тиісті жұмыстар жүргізу.
📍 Сонымен қатар, Департаменттің 2025 жылғы мақсатты индикаторларға қол жеткізу жұмыс жоспары талқыланды. Атап айтқанда, жарақаттану коэффициентін арттырмау, цифрлық еңбек тәуекелдері картасындағы тәуекел деңгейі жоғары және орта кәсіпорындардың үлесін төмендету, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде гі жұмыскерлердің еңбек шарттары енгізілуін қамтамасыз ету.
📍 Сондай-ақ, Департамент басшысы ауыл шаруашылығындағы бейресми жұмыспен қамту деңгейін төмендету және еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті. Атап айтқанда, еңбек ресурстарын нормалау жүйесі арқылы ауыл шаруашылығындағы еңбек қатынастарын ресімдеу мәселелері бойынша және тауар өндірушілер арасында ресми тіркелген еңбек шарттарының нақты МЗЖ аударымына сәйкес келуін қамтамасыз ете отырып, сәйкессіздіктерді жою бойынша шаралар қабылдау қажеттігін нақтылады.
📍 Міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруда сенімді емес алушылардың теріс пайдалану жағдайларының өсуі, олардың жолын кесу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуі үшін өңірлердегі кәсіпорындарда консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйенің құрылуына және жүзеге асырылуына байланысты еңбек қатынастарына қатысты тиісті жұмыстар атқару қажеттілігі айтылды.
📍 Жиналыс соңында жоғарыда көтерілген мәселелерді ескеруді және қатаң бақылауға алып, алдағы уақытта жұмыс жоспарына сәйкес атқарылуы тиіс міндеттерді сапалы әрі мерзімінде орындау тапсырылды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/995702?lang=kk
Жауап қалдыру