Дін саласында жұмыс атқаратын мамандарға арналған облыстық 2 күндік оқыту семинары өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңір тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында 2025 жылдың мамыр айының 12-13 күндері Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы дін саласында жұмыс атқаратын мамандарға арналған облыстық 2-і күндік оқыту семинарын Тараз қаласы, Достық үйінде өткізді.

Аталған семинарға облыс аумағының барлық аудандарының дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыруға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға мүдделі жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мешіт имамдары мен теолог мамандар қатысып, 150-ге жуық адам қамтылды.

Оқыту семинарын арнайы шақырылған республикалық маңызы бар лекторлар, атап айтқанда ҚР Ұлттық қәуіпсіздік комитеті Академиясы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті және Түркістан қаласының дінтанушылары мен оқытушылары,  психологтар мен блогерлері жүргізіп, актуалды тақырыптарда дәрістер оқыды. Тақырыптардың бірі – Көпшілік алдында сөйлеу – шеберлік пен сенімділіктің үлгісіболса, келесісі – Діни толеранттылық-мемлекет қауіпсіздігінің шарты.

Сонымен бірге, мемлекеттік ұйымдарда әлеуметтік желілерді пайдалану тақырыбында арнайы шақырылған SММ маманы да өзінің әдістерімен бөлісті.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-din/press/news/details/995673?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді